КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.47.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
02 Наурыз 2010, 07:52
Оралда Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы аталып өтілді
ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына орай Орал қаласындағы жастар шығармашылығы орталығында «Қазақстандық этносаралық келісімнің даму моделі» атты форум өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ұйытқы болған жиынның басты мақсаты - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңінде көпұлтты қазақ елінде бірігу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, бейбітшілік пен келісімді одан әрі жетілдіру.

Салтанатты шарада сөз алған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев батысқазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтады. «Өз тәуелсіздігін өзгелерге мойындата білген қазақ елі бейбітшілік пен бірліктің үлгілі мекеніне айналды. Бұл жолда Ассамблея мен «Нұр Отан» партиясының өзара ықпалдастық шараларының маңызы зор», деді ол.

-Ассамблеяның қоғамда тұрақты орын алуы және көпшіліктің кең қолдауына ие болуы - ең алдымен Елбасының салиқалы саясаты, екіншіден, Ассамблея мүшелерінің қажырлы еңбегі мен ұлттық-мәдени орталықтар бірлігінің арқасы деп білемін,- деді «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет.

Форумға қатысушылардың үндеуі қабылданған соң, салтанатты жиын жастар шығармашылығы орталығы мен ұлттық-мәдени бірлестіктердің бірлескен шығармашылық концертіне ұласты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.