КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.58.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
01 Наурыз 2010, 13:01
Қарағандыда «SMS арқылы балалар құқығы туралы біл» акциясы өтіп жатыр
ҚАРАҒАНДЫ.  Наурыздың 1-і.  ҚазАқпарат / Валентина Елизарова/ -  Наурыздың 1-і күні Қарағандыда «SMS арқылы балалар құқығы туралы біл»    акциясы  басталды. 

«Облыс тұрғындары,   Beeline желісінің абоненттері, 919 нөміріне тегін SMS-хабарлама жіберіп, жоба аясында наурыздың  15-іне  дейін  балалар құқығы бойынша сұрақтар қоя алады. Бұл үшін сұрақты, сұрақ қоюшының атын, байланыс телефондарын жазып хабарламаны арнайы қысқа 919 нөміріне жіберу қажет. Бұл акция тегін»,  деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

 SMS-хабарламалардың жауаптары балалардың құқықтарын қорғау департаментінің www.bala-zan.kz сайтында және газет беттерінде жарық көреді. Акция - балалардың құқығын мойындауға жасалған тағы бір қадам  болады,  дейді  Балалар құқықтарын қорғау  департаментінің  өкілдері. 

«Балалардың  құқықтарын  қорғау мақсатында, біздің  департамент   Қоғамдық   қабылдау  және  «сенім  телефонын»   ашып  отыр.   SMS арқылы   сауалды  тегін   жолдау мүмкіндігі    балалармен,  олардың ата-аналарымен   немесе заңды   өкілдерімен   кері   байланыстың  қосымша  және қолжетімді   арнасы  болады деген үміттеміз»,  дейді    департамент  директоры Ирина Киселева.

Акцияны  аталмыш департамент   «Кар-Тел»    серіктестігінің  Қарағанды   филиалының техникалық қолдауымен    ұйымдастырып отыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.