КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.21.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
01 Наурыз 2010, 12:44
«Кар-Тел» және «GSM Қазақстан» ұялы байланыс операторлары әкімшілік жауапқа тартылуда
АСТАНА.  Наурыздың  1-і. ҚазАқпарат  -   «Кар-Тел»   және «Қазақтелеком»  акционерлік қоғамының «GSM Қазақстан»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің      ұялы  байланыс операторлары әкімшілік жауапқа  тартылуда. 

 Бәсекелестікті  қорғау  агенттігі  басқармасының  13-ші   мәжілісінде  осындай  шешім қабылданды,   деп   хабарлады   ведомствоның баспасөз қызметінен. 

«Басқарма    ұялы  операторларға  қатысты жүргізілген тексерулердің  негізінде  әкімшілік істер   қозғау  туралы шешім қабылдап  отыр»,  делінген  агенттік  хабарламасында.

Атап айтқанда, «Кар-Тел» ЖШС,   өзінің  басымдықты жағдайын   пайдалана  отырып,   заңнамада қарастырылмағанына қарамастан,  төлем   уақытына шектеу  орнатқан, сөйтіп  тұтынушылардың     заңды құқықтарын шектеген. Ал  «Қазақтелеком»  акционерлік қоғамының «GSM Қазақстан»      серіктестігі  былтыр  «Демалыс күндері» пакеті аясында    шындыққа сай келмейтін    жарнама   таратты деп айыпталуда.

«Екі жағдай  бойынша жалпы сомасы   1,5 миллиард  теңгеге  жуық    соманың      айыппұлы     қарастырылып  отыр, бірақ оны     сот шешеді.  Материалдар     сотқа жөнелтілді»,  деп  хабарлады агенттіктен.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.