КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.57.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
01 Наурыз 2010, 10:47
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі қазақстандықтарды қоғамдағы мәдениетаралық үнқатысудың маңызды институты құрылуының 15 жылдығымен құттықтады
 АСТАНА. Наурыздың  1-і. ҚазАқпарат. Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің мүддесін қамтамасыз етуші ұйым құру туралы идеяны ал­ғаш рет Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші фо­румында айтты. 1995 жылғы нау­рыздың  1-інде Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Жарлығымен консульта­тивті-кеңестік орган Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

      Аталған бастама,  делінген  Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің  құттықтауында, мәдениетаралық үнқатысуды нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт деп бағаланды.  Қазақстан халқы Ассамблеясы өзі­нің 15 жылдық даму жолында инс­­титуттық тұрғыда нығайып, ұйы­с­­тырушы және зияткерлік мүм­кіндігін жетілдірді, халық диплома­тиясының маңызды күретамырына айналды. Байырғы қазақ ұлтының ғасырлар бойы қалыптасқан төзім­ділік қасиеті мен құнды мәдениетіне негізделген Ассамблеяның сан салалы мәдени бұтақтары Қазақстан халқының баға жетпес рухани игілігіне айналды.

Ассамблея еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыс­тыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен сындарлы дамыту мақсатына айтулы үлес қосты.  

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этносаралық және кон­фессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасып, этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың құқығы пен еркіндігі қамтамасыз етілді. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Ассамблея халықаралық қауым­дас­­тық тарапынан мойындалып, оның этносаралық үнқатысуды ұйым­дастыру бағытындағы тиімді қызметі ЕҚЫҰ-ға мүше елдер тара­пынан қызығушылық тудырып отыр.

Ассамблея өзінің он бес жылдық тарихында 15 сессия өткізіп, аталған шараларда қоғам өміріндегі маңызды мәселелер мен мемлекет дамуындағы негізгі бағыттар талқыланды.

Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мен егемен Қазақ­станның басты құндылығы - Тәуел­сіздікті нығайту бағытында белсенді қызмет атқарып отыр. Бұл қоғам және ел болашағы алдындағы аса маңызды міндет пен ауқымды жауап­кершілік.

Әрбір үйде, әр отбасында, қала­лар мен ауылдарда бейбітшілік пен келісім  орнап, өзара түсіністік пен аза­маттық қолдау біздің ортақ Ота­ны­мыз - Қазақстанның игілігі мен өр­кендеуіне үлес қоса берсін деп тілейміз,  делінген  Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің  құттықтауында.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.