КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.26.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
01 Наурыз 2010, 09:18
Павлодарлық ассамблея жастары студенттермен қарым-қатынас орнатуда
ПАВЛОДАР.  Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодарлық  Қазақстан   халқы        ассамблеясының    жастар  бірлестіктерінің  жетекшілері     педагогикалық институт студенттерімен  кездесті,

 деп   хабарлады  оқу  орнының баспасөз қызметінен. 

 Қонақтар     жастардың  басын қосып отырған  40 шығармашылық ұжым  жұмыс істейтін   Достық үйінің   қызметі  туралы  әңгімелеп берді.   Достық үйінде «Патриот»    жарыссөз  клубы,      әдебиет  бірлестігі,   хореографиялық   және    би  студиялары,  вокальдық,   хор  және  аспаптық   ұжымдар   жұмыс істейді. 

 Ассамблеяның барлық  19   этнобірлестігінің  жастары  қалалық   мерекелерге  атсалысады,  белсенділер   тарихи отандарына    сапар    жасап  қайтуға гранттар  алып тұрады. 

 Өз қатарларын   Достық үйіне    шақырған  қонақтар,     барлық ұлттың  жас өкілдеріне      есіктерінің  ашық екенін,    үйірмелердің,  секциялар  мен  студиялардың тегін жұмыс істейтінін   жеткізді.

 Жоғары  оқу орындарымен  ынтымақтастық -Ассамблея   жастарының    қызмет бағыттарының    бірі.    С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университетінде   олардың  қолдауымен   оқу орнының   кіші ассамблеясы  құрылған,  бұл   ассамблея     білім алушы  жастар арасындағы ұлтаралық  келісімді,  достық  пен   толеранттылықты   нығайтуға көмектеседі. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.