КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.16.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
27 Ақпан 2010, 13:38
Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі өте жоғары - «Қазгидромет» РМК өкілі
АҚТӨБЕ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласындағы ауаның ластану деңгейі өте жоғары. Ластану индексі 8.5 шегінде қалып отыр, ал қосымша экологиялық бекеттер орнатылған жағдайда бұл көрсеткіштің бірнеше есе өсетіні даусыз.

Бұл жөнінде «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Ажаргүл Кәненова қоршаған ортаның жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы өткен ұжымдық кеңесте баяндады.

Тобыл-Торғай экология департаментінің деректері бойынша, бүгінгі күні Ақтөбе облысының атмосфералық ауа сапасына бақылауды Ақтөбе қаласындағы 3 бекет жүргізеді, ал кеңестік кезеңде 8 бекет жұмыс істеген. Бұрынғы уақыттары аймақта 35 гидробекеттер жұмыс істесе, қазіргі уақытта олардың саны 8 бірлікке дейін қысқарған.

Ажаргүл Кәненованың айтуынша, алты аймақтағы  - Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарындағы өзендерге жасалған бақылау - Қостанай облысындағы Елек, Обаған өзендерінің, Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінің барынша ластанғанын көрсетті.

Каспий теңізінің түбіне жасалған зкологиялық мониторинг ластану деңгейі төмендігін көрсетті.

«Қазгидромет» өкілінің айтуынша, бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша - 26, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 11, Маңғыстау облысы бойынша - 14, Қостанай облысы бойынша 9 экологиялық бекет орнату талап етіледі. Алайда бұлар айтарлықтай қаржыландыруды қажет етеді, өйткені бір бекеттің құны 42 млн.теңге тұрады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.