КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.51.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
25 Ақпан 2010, 13:01
Ақтөбе облысында 20 шақты жалған кәсіпорын құру фактісі бойынша сот үкімі шығарылды
АҚТӨБЕ. Ақпанның  25-і. ҚазАқпарат  /Самал Ендібаева/ -  20-дан астам жалған  кәсіпорын   құру   факті  бойынша   Ақтөбе  облысы  прокуратурасы   қозғаған қылмыстық  іс  бойынша      сот үкімі   шығарылды.    Аталмыш  кәсіпорындар мемлекетке  7,1  миллиард  теңге соманың   шығынын  келтіріп  отыр,

мемлекетке  осыншама   сома салық және міндетті төлемдер түспеген,  деп   хабарлады  облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен. 

Жалған   кәсіпорындар  құрған  қылмыстық топтың  белсенді мүшелерінің бірі,  Ақтөбе  қаласының  №2   сотының   үкімімен,     ҚР Қылмыстық    кодексінің  192-ші бабы 3-ші тармағы «а»  тармақшасы (жалған кәсіпкерлік)   және   28 бабы 2-ші тармағы мен  222-ші бабы 1-ші тармағы бойынша  (ұйымнан  мемлекетке салық төлеуден  жалтару)  кінәлі  деп танылды. Ол  азамат     дүние-мүлкі тәркіленіп,   7 жылға    жалпы режимдегі   түзету колониясына кесілді.   Сот үкімі  әлі  заңды күшіне енген жоқ.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың  қалған  үш   мүшесіне    қатысты қызмыстық іс жеке  өндірісте  қаралуда.  


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.