|
|
EUR 194.12 USD 148.66 RUB 4.91 CNY 23.55
|
|||
|
Алматыда шаңғы қоссайысынан Әлем кубогінің қысқы кезеңі өтеді •29 жасар ақтөбелік бойжеткен үйдің 9 қабатындағы терезеден секіріп кетті •Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты •Бүгін кешке қарай Кентаудағы жылу беру бойынша технологиялық жүйе қалыпты жұмыс істейді - ОҚО әкімі •Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды • Қарағанды облысында Ресейдің Иркутскі қаласынан Шымкентке кетіп бара жатқан автобустың 35 жолаушысы құтқарылды - ТЖМ •Алматы облысында контрабандалық шаяндарға толы жүк көлігі ұсталды •Ресей Федерациясымен шекарада діни әдебиеттің ірі партиясы тәркіленді •Қазақстанның батыс өңірлеріндегі боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді •Атырауға Оралдан 2011 жылдың 31 қазанындағы лаңкестік әрекеттерге қатыстылығы бар деп танылған күдікті азамат әкелінді •Қызылордада ер азамат маневр жасаған пойыздың астына түсіп қалды - ТЖМ •
|
|
25.02.2010 / 07:51 Төтенше жағдайлар министрі павлодарлықтармен кездесті ПАВЛОДАР. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Түскен шағым-арыздар мен сауалдардың барлығы қаралады және министрліктердің құзырына жеткізіледі, деп мәлім етті Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко сәрсенбі, ақпанның 24-і күні «Нұр Отанның» Павлодар облыстық филиалының кеңсесінде өткізген қабылдаудың қорытындысы бойынша. Министрмен жеке кездесуге 15 адам жазылды. Төтенше жағдайлар ведомстволары үшін кадрлар дайындайтын оқу орнына түсу туралы шешім қабылдаған жас жігіт өз сауалына егжей-тегжей жауап алды. «Ертіс» әуе отрядының ұшқыштары да министрден көмек сұрады - заңнамаға енгізілген өзгертулер оларды жеңілдікті зейнетті рәсімдеу мүмкіндігінен айырып отыр. Министр В.Божко аймаққа сапарының аясында кеше сондай-ақ, Павлодар мұнай-химиялық зауытында болып, қазіргі заманғы мамандандырылған техникалардың «парадын» тамашалады. Министр кәсіпорын басшылығының зауыттың өрт сөндіру бөлімі мен газ-құтқару қызметінің жасақтарына жасап отырған жағдайына тәнті болды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, зауыттың барлық жұмысшылары сияқты, әлеуметтік пакетке ие. Ал бүгін, ақпанның 25-і күні министр Павлодар педагогикалық институтында болып, студенттермен және оқытушылармен кездеседі, Ақсу қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысады, Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Екібастұз ГРЭС-2 стансысын аралайды.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||