КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.22.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
24 Ақпан 2010, 16:45
Полицейлер операцияларының барысында тіркелген ұрлықтардың барлығы да ашылды
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының полицейлері «Пәтер» шұғыл-алдын алу іс-шаралары барысында анықталған ұрлық фактілерін түгел ашты.

Операциялар барысында (ақпанның 16-сы мен 18-і аралығында) қылмыстың осы түрі бойынша 25 оқиға тіркелген. Бұл жөнінде бүгін Қостанай облысы ішкі істер департаментінде өткен апталық брифингте қылмыстық полиция басқармасының өкілі Рамаш Шыжбанов хабарлады.

«Пәтер» шұғыл-алдын алу іс-шаралары барысында жасы 27-дегі күдікті ұсталды. Тергеу амалдарының барысында ол жасаған үш ұрлық дәлелденді, - деді Р.Шыжбанов. - Қазіргі уақытта күдікті тұтқындалды, заттай айғақтар алынды, тергеу жалғастырылуда».

Қостанай облысында пәтер ұрлығын жасағаны үшін 50-ден астам адам ұсталды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.