КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.51.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
11 Ақпан 2010, 16:57
Елбасы Жолдауын орындауға оралмандар да өз үлесін қосатын болады - «БҚО оралмандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауын орындауға оралмандар да өз үлесін қосатын болады.

Бұл туралы «БҚО оралмандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахметзада Жәңгір мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бірлестік өткен жылы құрылып, қоғамдық өмірге белсене араласа бастады. Бірлессе, көп мәселенің шешілетінін атажұртқа оралған ағайындар да түсініп, жиірек бас қосып, бел шеше қимылдауда. Оның өзі 1994 жылы Саратов облысы Ершов ауданынан көшіп келген. Содан бері Ақ Жайыққа бауыр басып та үлгерді. Қазір елге келген оралмандардың мәселесі тез шешіліп, жаңа ортаны жатсынбауына ықпал жасауда. Әрине, кейбір түйткілді жайттар болмай қалмайды. Мәселен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы даярлық топта шет елдерден келген жастарымыз білім алады. Соның ішінде моңғолиялық қазақ жастары орысша білмесе, Ресейден білім іздеп келгендер қазақшаға қиналады. Солардың тілін сындыруға мүмкіндік жасадық. Қазір бұл жастар тіл жөнінен «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы арқылы барынша кәсіби білім алуда.

Оралмандар үшін өзекті жайттың бірі - жер мәселесі. Тұрғын үй салу үшін жер телімін көппен бірге кезекке тұрып алуға тиісті болса, шаруа қожалығын құрушыларға аудандардан жер табылады. Екінші мәселе - жұмысқа орналастыру. Бұл ретте олар, әсіресе, Өзбекстаннан көшіп келгендер биржаға тұрып, 15-20 мың теңгенің қоғамдық жұмысын жасағысы келмейді. Бұлар жер алып, бау-бақша өсіріп немесе саудасын жүргізгенді қалайды. Мұны шешудің бір жолы бірлестік жанынан жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, ешкімге алақан жаймай, тендерлерге қатысып, мердігерлік жұмыстарды атқару болып отыр. Өйткені оралмандардың арасында электрик, прораб, құрылысшы және басқа мамандар баршылық. Соларға да жұмыс табылар еді.

«Тағы бір мәселе, оралмандар үшін бейімделу орталығы ашылса дейміз. Себебі жаңадан келгендерге психологиялық және басқа жағынан да демеу қажет.

Жалпы, оралмандар ешкімнен шетқақпай көріп жатырған жоқ. Өткен жылы бірлестік басшысы ретінде Астанада өткізілген ІV Азаматтық форумға қатысып қайттым. БҚО бойынша көші-қон департаментімен, облыстық ішкі саясат басқармасымен қоян-қолтық жұмыс жасаудамыз», дейді А.Жәңгір.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.