|
|
EUR 195.52 USD 148.72 RUB 4.92 CNY 23.60
|
|||
|
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды •Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы •Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды •Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде •Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев •Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді •25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі • «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады •Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді •«Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ •Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді •Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин •Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды •
|
|
09.02.2010 / 16:00 Оқушылар арасында өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда "Қарасай аудандық білім қоры" корпоративті қоры Қарасай ауданы оқушыларының арасында рухани-өнегелілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу тақырыбында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш қор ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен жаңа жылдың басынын бейнелеу өнері бойынша "Шамалған менің ауылым", "Мен және менің Отаным!"атты шығармалар байқауын және "Менің Қазақстаным!" деп аталатын патриоттық әндер байқауын, сонымен қатар қолданбалы өнер байқауын өткізген болатын. "Бейнелеу өнері бойынша байқауға 108 жұмыс ұсынылды. Барлық суреттер асқан шеберлікпен салынып, балалар берілген тақырыпты аша білген. Патриоттық әндер байқауына 100-ден аса оқушы қатысты. Ал, қолданбалы өнер байқауына 145 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде әр түрлі ағаш, бисер, ұлутастардан, балық сүйектерінен және тағы да басқа материалдардан жасалған бұйымдар бар. Шығармалар байқауына 60-тан аса балалар өз жұмыстарын ұсынды. Таңдау қиынға түсті. Себебі, Отанға деген сүйіспеншілікпен, махаббатпен жазылған шығармалар өте көп болды", деді әділ қазылар алқасының мүшесі, "Қарасай аудандық білім қоры" корпоративті қорының атқарушы директоры Еркін Исраилов. Оның айтуынша, шараның негізгі мақсаты - оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеп, талантты балаларды анықтау болып табылады.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||