|
|
EUR 194.12 USD 148.66 RUB 4.91 CNY 23.55
|
|||
|
Алматыда шаңғы қоссайысынан Әлем кубогінің қысқы кезеңі өтеді •29 жасар ақтөбелік бойжеткен үйдің 9 қабатындағы терезеден секіріп кетті •Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты •Бүгін кешке қарай Кентаудағы жылу беру бойынша технологиялық жүйе қалыпты жұмыс істейді - ОҚО әкімі •Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды • Қарағанды облысында Ресейдің Иркутскі қаласынан Шымкентке кетіп бара жатқан автобустың 35 жолаушысы құтқарылды - ТЖМ •Алматы облысында контрабандалық шаяндарға толы жүк көлігі ұсталды •Ресей Федерациясымен шекарада діни әдебиеттің ірі партиясы тәркіленді •Қазақстанның батыс өңірлеріндегі боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді •Атырауға Оралдан 2011 жылдың 31 қазанындағы лаңкестік әрекеттерге қатыстылығы бар деп танылған күдікті азамат әкелінді •Қызылордада ер азамат маневр жасаған пойыздың астына түсіп қалды - ТЖМ •
|
|
09.02.2010 / 13:24 «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысына тамызға қарай 50 мың адам тартылуы тиіс - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысына тамызға қарай 50 мың адам тартылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойынша мега-жоба адамдарды жұмылдыру бойынша елеулі шараларды қажет ететініне тоқталған Ө. Шөкеев, «бұл нысанда тамызға қарай 50 мың адам жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ 10 мыңға жуық техника тартылуы қажет»,-деді. Басты мақсат бұл ауқымды шараға компанияларды көптеп тарту екенін жеткізген ол, тендерлер халықаралық деңгейде өткізіліп жатқанын айтып өтті. Ө. Шөкеев аталған шараларға Қызылорда облысы 2006 жылдан бері дайындық жұмыстарын бастағанын айта келе, «онда қиыршық тастардың бірнеше зауыты, битум зауыты салынды. Тиісті техника тартылды, сондай-ақ оқытудың кәсіби-техникалық орталығы құрылды. Бүгінде келген бас мердігерлер, мәселен итальяндық компаниялар келісімшарттарға қол қойды. Сондықтан наурыздың орта кезінде бұл жол бойынша жалпы жұмыс басталатындығына күмән жоқ», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||