Вольфганг Бретт Қазақстан Орталық Азиядағы Германияның маңызды экономикалық әріптесі - Қазақстандағы Германия елшісінің тұрақты өкілі Вольфганг Бретт
EURЕуро199.76
USDАҚШ доллары146.95
RUBРесей рублі5.02
CNYҚытай юані21.53
Астана
Күндіз -6-8
Түнде -15-17
www.meteo.kz
КАЗ | QAZ | ARA | РУС | ENG
  Сенбі  20/03/2010


08.02.2010 / 13:46
Индустриялық жобаларға мемлекеттің қатысуы сенімді кепілдік болады - «Самұрық-Қазына» әр-ауқат қорының басқарма төрағасы Қ. Келімбетов
Қайрат Келімбетов   АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Индустриялық жобаларға мемлекеттің қатысуы сенімді кепілдік болады. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің отырысында «Самұрық-Қазына» әр-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қ. Келімбетов Қазақстанның индустиялық болашағы елеулі екенін айта келе: «Менің ойымша, мемлекет қатысып отырған жобалар бойынша бұл жобалардың кейінгі төлемдері тұрғысында сенімді кепілдік болады. Мен француздық банктерді осыған байланысты бұдан да жоғары белсенділік танытуға шақырғым келеді», - деді.

Оның айтуынша, Қазақстанның Даму банкі бүгінде капиталы бойынша ірі деңгейдегілердің бірі болды. Атап айтқанда, капитал көлемі 2 миллиард АҚШ долларына жуықтаған.

 Қ. Келімбетов «Самұрық-Қазына» қоры мен Қазақстанның Даму банкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 2009 жылы Қытайдан 13 миллиард доллар деңгейінде несиелік желі тартқанын еске салып өтті. «Бұл өз кезегінде осы несиелік желі аясында ынтымақтастықтың қандай үлкен әлеуетке ие болғандығын, сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы жаңа несиелік желілер бойынша қандай ауқымды әлеует бар екенін көрсетіп отыр», - деді ол.

соңғы жаңалықтар