|
|
EUR 195.52 USD 148.72 RUB 4.92 CNY 23.60
|
|||
|
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды •Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы •Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды •Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде •Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев •Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді •25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі • «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады •Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді •«Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ •Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді •Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин •Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды •
|
|
03.02.2010 / 18:07 Түбінде барша қазақстандықтар мемлекеттік тілге көшетін болады - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мемлекеттік тілдің артықшылығына ешкім таласа алмайды. Бұл туралы ҚР Президенті бүгін Алматыда Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсыру рәсімінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Тәуелсіздік жылдары біз 900 қазақ мектебін аштық. Жыл сайын ашылатын мектептің 70 пайызы қазақ тілінде болып жатыр. Тілді дамытуға 2005 жылы 150 миллион теңге жұмсасақ, былтыр 5 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Жалпы бағыттың өзі дұрыс келе жатыр деп санаймын. Әрине, бұның бәріне уақыт керек, шыдамдылық керек. Мемлекеттік тілдің артықшылығына ешкім таласа алмайды. Түбінде барша қазақстандықтар осы тілге көшетін болады. Өзге өркениетті елдерде тілдің мәртебесі қандай болса, бізде де сондай болады. Мен де орыстар, түріктер және тағы басқалар сияқты бір-ақ тілде сөйлегім келеді. Бірақ, бүкіл халық сайлаған Президент болғаннан кейін ішкі жағдайымызды ойламауға болмайды", деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Тәуелсіздіктің тұғыры - елдің алыстағы болашағы екенін тілге тиек еткен Елбасы тәуелсіздікті нығайтып, экономикамызды көтеріп, абыройымыз көтеріле берсе басқа мәселе өзінен-өзі шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ жас ұрпақ мектеп бітіргенде үш тілді болсын деп айтқан себебін түсіндірді. Орыс тілінен ажырап кеткен Түрікменстан сияқты елдердің орыс тіліне қайтадан оралып жатқанын, Малайзияның тәуелсіздік алған кезде ағылшын тілінен ажырап өз тілімізде сөйлейміз дегенімен 5 жылдан кейін мектептерді қайтадан ағылшын тіліне көшіргенін айтты. Сондай-ақ үнді мемлекеті де ағылшынның боданынан босаған кезде ағылшын тілін алып тастаймыз деп қаулы қабылдап, алайда 5 жылдан кейін 1 миллиард үнді жаппай ағылшын тіліне қайтып келгенін және Сингапурде де осындай жағдай болғанын еске салды. Жаһандану кезінде ешбір ел бір ғана тілмен ешқайда шыға алмайтынын нақты мысалдармен айтты.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||