КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.33.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
26 Желтоқсан 2009, 19:22
Әзірбайжан Републикасындағы Қазақстан елшілігінің ашылуына 15 жыл толуына орай Ақтаудан бір топ делегация салтанатты шараға қатысып қайтты
АҚТАУ. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Әзірбайжан Републикасындағы Қазақстан елшілігінің ашылуына 15 жыл толуына орай Ақтаудан бір топ делегация салтанатты шараға қатысып қайтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзірбайжан еліндегі ҚР елшісі Серік Пірімбетовтің арнайы шақыруымен 16 желтоқсан күні Бакудегі «Гүлстан» сарайында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 18 жылдығына және  Әзірбайжан Републикасындағы Қазақстан елшілігінің ашылуына 15 жылдығына арналған шараға Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің проректоры Нағбду Қамарова бастаған студенттік филармония студенттері қатысып келді.

Студенттерден құралған өнерпаз топ пен маңғыстаулық әнші, бишілер «Гүлстан» Президенттік сарайында Қазақстан Әнұранын шырқап, 1 сағатқа жуық ән мен жыр, би мен күйден шашу шашқан.

Әзірбайжан елінің ыстық ықыласына риза болып қайтқан Ш.Есенов атындағы КМТЖИ университетінің 4 курс студенті Елбаев Бүркітбайдың айтуынша,  сахнаға шығып сөз алғанӘзірбайжан Републикасындағы Қазақстан елшісі Серік Пірімбетов Қазақстанның тәуелсіздігі, жүріп өткен жолдары мен жетістіктері туралы баяндаған.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.