КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.32.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
23 Желтоқсан 2009, 10:02
Қазақстан Елшілігі Тәуелсіздік күні құрметіне Эр-Риядта қабылдау ұйымдастырды
АСТАНА.  Желтоқсанның  23-і. ҚазАқпарат - Қазақстан  Елшілігі Тәуелсіздік күні  құрметіне    Эр-Риядта     салтанатты  қабылдау  ұйымдастырды.

Бұл туралы сыртқы  саясат    ведомствосының баспасөз қызметінен  хабарлады.

Қонақтар үшін    Қазақстан  Президенті Н.Назарбаевтың   араб тіліне аударылған  «Қазақстандық жол»  кітабының  таныстырылымы ұйымдастырылған       осынау  шараға   Корольдіктің министрліктері мен  ведомстволарының,  саяси,  экономикалық  және  қоғамдық топтарының   өкілдері,   Эр-Риядта тіркелген дипломатиялық корпус  өкілдері  қатысты.   

Бүгінгі Қазақстан,     елордасы - Астана   туралы,  ел  халқы мен  оның  жетістіктері  туралы  әңгімелейтін     фотокөрме    де келушілердің   ерекше ықыласын  аударды.

Елбасы Н.Назарбаевтың атына  Қос  Қасиетті  мешіттің    қамқоршысы  Саудия Королі  Абдалла бен  Әбдел  Әзіз  әл-  Сауд    пен     мұрагер бекзада  Сұлтан бен  Әбдел  Әзіз  әл-Сауд  өз құттықтауларын    жолдады. «Сауд   Арабстаны осынау атаулы мерекеге     Қазақстандағы бауырлас халқымен бірге    қуанады және     республикаға    тыныштық  пен  гүлдену  тілейді.   Корольдік  Қазақстанмен арадағы  тығыз    қарым-қатынасты    бағалайды   және     екі мемлекеттің  және халықтардың арасындағы    ынтымақтастықты      әрі  қарай тереңдетуге бағыт ұстанады»,  делінген   құттықтауда.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.