КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.59.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
22 Желтоқсан 2009, 19:53
Мемлекет басшысының атына АҚШ Президентінен Тәуелсіздік күнімен құттықтау келіп түсті
 АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына, АҚШ Президенті Барак Обамадан Қазақстан Президентін Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтауы келіп түсті,

деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Өз құттықтау хатында АҚШ Президенті: «Соңғы он сегіз жылдың ішінде Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға жетті. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлатаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді бағалаймын. Қазақстан көшбасшысы ядролық қаруды таратуды болдырмауда ең жоғары бағаға лайықты. Құрама Штаттар Қазақстан Орталық Азияда тағы да айтарлықтай және өңірде кең көлемдегі рөлге ие болуы үшін, біздің бейбіт және болашақты өркендетудегі ортақ мүдделерімізді алға апаруда Сізбен және Қазақстан халқымен жұмыс істеу мүмкіндігін үлкен ниетпен күтеді», деп атап өткен.    


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.