Карим Масимов Алдағы уақытта білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік тілді дамыту бағдарламалары әзірленеді - Премьер-Министр К. Мәсімов
EURЕуро202.53
USDАҚШ доллары147.03
RUBРесей рублі5.04
CNYҚытай юані21.54
Астана
Күндіз -6-8
Түнде -9-11
www.meteo.kz
КАЗ | QAZ | ARA | РУС | ENG
  Бейсенбі  18/03/2010


30.11.2009 / 19:24
Жамбыл облысы елдегі жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, әрқашан да Мемлекет басшысының барлық бастамаларының тірегі болып келеді - ҚР Премьер-Министрі
 Тараз ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Галина скрипник/ - Бүгін Таразда Жамбыл облысы активінің отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин мен ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақтың жаңа әкімі - Қанат Бозымбаевты таныстырды.

Бұған дейін болып өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Қ.Бозымбаевтың  Жамбыл облысы әкімі қызметіне кандидатурасын мақұлдады.

Кәрім Мәсімов Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бөрібай Жексембинге Мемлекет басшысы атынан көптеген жылдар аймақта атқарған қызметі үшін алғыс айтты. «Ел басшылығы алға қойған барлық міндеттерді Сіз орындап шықтыңыз», - деді К.Мәсімов Б.Жексембинге қарата айтқан сөзінде.

Бұдан кейін Премьер-Министр Мемлекет басшысының Жарлығын оқыды және Қ.Бозымбаевқа сөз берді. Ол өзіне жүктелген барлық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға әзір екендігін білдірді.

ҚР Премьері, Жамбыл облысы елдегі жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, әрқашан да Мемлекет басшысының барлық бастамаларының тірегі болып келеді, деп атап көрсетті.

соңғы жаңалықтар