|
|
EUR 195.52 USD 148.72 RUB 4.92 CNY 23.60
|
|||
|
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды •Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы •Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды •Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде •Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев •Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді •25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі • «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады •Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді •«Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ •Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді •Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин •Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды •
|
|
27.11.2009 / 12:29 Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында ел бірлігі доктринасының жобасы талқыланды ПАВЛОДАР. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында ел бірлігі доктринасының жобасы талқыланды. Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы кеше өтті. Талқылауға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік мекемелердің, ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының өкілдері, жастар қатысты. Сессияны ашқан облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің баяндамасында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев ұлт саясатының жаңа стратегиялық құжатын ұсынды, ол Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін сапалық жаңа деңгейге шығарады. Ел бірлігі доктринасы біздің жақсы тәжірибелерімізді қорытуға және алға қарай жылжыуымызға жақсы негіз болады», - деп атап көрсетті. Облыста Қазақстан халқы Ассамблеясы XV сессиясының материалдарын талқылау жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде. Доктринаның стратегиялық міндеттері Достық үйінде, Шарбақты ауданында, Успен және Ақтоғай аудандарында диалог алаңдарында қаралды. ҚХА сессиясына қатысушылар аймақ тұрғындарына Үндеу қабылдады. Онда Мемлекет басшысының ел бірлігі доктринасын қабылдау жөніндегі бастамасына қолдау білдірілген.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||