КАЗ | QAZ | ARA | РУС | ENG
Урал-Мухамеджанов ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа лайықты үлес қоса алатын беделді мемлекетке айналғанын көрсетеді - Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов
EURЕуро187.98
USDАҚШ доллары147.24
RUBРесей рублі4.79
CNYҚытай юані21.63
Астана
Күндіз 22 +24
Түнде 11 +13
www.meteo.kz
Батысқазақстандық археологтар Жәнібек ауданы аумағынан ежелгі қорымды тапты Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерімен 1,5 миллиард адамды қамтамасыз ете алады - Алматыдағы конференция ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі ауысты «Еуро-2012»: Ертең Қазақстан құрамасы Түркиямен ойнайды Депутат Б. Сыздықова Білім күнін демалыс ретінде жариялау туралы бастама көтерді
  Жұма  03/09/2010

25.11.2009 / 17:23
Қарағанды облысы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елде көш бастап келеді - статистика департаменті
ҚАРАҒАНДЫ. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы 2009 жылғы 10 айдың қорытындыларымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елде алдыңғы орындарда келеді,

 деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Аймақ автомобиль жүктері тасымалы көлемі жөнінен республика бойынша бірінші орында тұр. Көрсеткіштер мынадай: жыл басынан бері 280,6 млн. жүк тасылды; қазан айында жүк тасымалы 46,5 млн.тоннаны құрады, сөйтіп бұның алдындағы аймен салыстырғанда 20,8 пайызға артты. Облыста республикадағы барлық  жүк тасымалының 17 пайызы атқарылады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қарағанды кәсіпкерлікпен айналыспайтын ірі, орташа және шағын кәсіпорындарда жасайтын қызметкерлер саны жағынан Алматыдан  кейінгі екінші орында келеді. Қазан айында кәсіпорындарда  350,9 мың жалдамалы қызметкер еңбек етті, облыс бойынша орташа еңбекақы 56 440 теңгені құрайды. Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі жөнінен Қарағанды облысы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан кейінгі республикада төртінші орында келеді. Ағымдағы жылдың 10 айында мұнда 638,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл жалпы республикалық көлемнің 9,1 пайызы.

Статистер ауыл шаруашылығындағы жақсы жұмысты да атап өтуде. Бұл секторда оң серпін байқалады: өткен жылдың он айымен салыстырғанда өндіріс көлемі 12 пайызға артып, 66,4 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді. Биылғы он айда өңірде 85,4 мың тонна ет, 200 млн. данадан астам жұмыртқа өндіріліп, 307,7 мың тонна сүт сауылды.

Қарашаның 1-іне облыста 19,5 мың шаруашылық жүргізу субъектілері тіркелді. Аймақтың республика аумағында тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы саны бойынша үлес салмағы 5,9 пайыз. Бұл Алматы, Астана қалаларынан және Оңтүстік Қазақстан облысынан кейінгі төртінші орын.

Қарағанды облысында бүгінде 1,3 млн.адам тұрады, бұл республика халқының 8,5 пайызы.

 Ключевые слова: Қарағанды облысы, Экономика

соңғы жаңалықтар