КАЗ | QAZ | ARA | РУС | ENG
Урал-Мухамеджанов ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа лайықты үлес қоса алатын беделді мемлекетке айналғанын көрсетеді - Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов
EURЕуро187.98
USDАҚШ доллары147.24
RUBРесей рублі4.79
CNYҚытай юані21.63
Астана
Күндіз 22 +24
Түнде 11 +13
www.meteo.kz
Батысқазақстандық археологтар Жәнібек ауданы аумағынан ежелгі қорымды тапты Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерімен 1,5 миллиард адамды қамтамасыз ете алады - Алматыдағы конференция ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі ауысты «Еуро-2012»: Ертең Қазақстан құрамасы Түркиямен ойнайды Депутат Б. Сыздықова Білім күнін демалыс ретінде жариялау туралы бастама көтерді
  Жұма  03/09/2010

24.11.2009 / 18:45
Алматы облысы Сарқант ауданының шалғайдағы Абай ауылында жаңа мектеп ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысы Сарқант ауданының шалғайдағы Абай ауылында жаңа мектеп ашылды.

«Біз облыс бюджетінен 308,6 миллион теңге бөлдік. Екі қабатты мектепте жылы кабинеттер, кітапхана, спортзал, өз алдына жылу жүйесі, мектептің ішінде санитарлық торап, асхана бар. «Ауыл балалары да қаладағыдай жайлы жағдайда оқуы тиіс», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов.

Мектеп 180 балаға арналған. Қазір мұнда 118 оқушы білім алуда. Бұл биыл іске қосылған алғашқы нысан емес. Ұйғыр ауданының Сұңқар ауылында күзде 300 орындық, Панфилов ауданының Ават ауылында 180 орындық орта мектептер ашылған болатын.

Келесі жылы Кербұлақ, Еңбекшіқазақ аудандарында, Талдықорған қаласында жаңа мектептер салынбақ.

соңғы жаңалықтар