Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың жұртшылықпен тікелей желіде сұхбаттасуы өтті - Қытайдың «Рнмин уаң» ақпараттық сайты
АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат - «Рнмин уаң» («Халық торабы») сайты өздерінің Алматыдағы меншікті тілшісі Чын жышинің ұсынған ақпаратына сүйене отырып, Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың қарашаның 13-і күнгі тікелей желі арқылы халықпен сұхбаттасуының табысты өткені жөнінде ақпарат берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Рнмин уаң» сайтына (www.people.com.cn) сілтеме жасап.
Қазақстанның орталығы Астанада өткен үш сағатқа жуық созылған ауқымды іс-шара барысында Елбасы мемлекеттің дамуы, экономикалық дағдарысқа төтеп берудің шаралары, халық тұрмысына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сауал мазмұндары әлеуметтік көмекті ұлғайту, тұрғын үй құрылысы, қоғам тыныштығын сақтау, оқу-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау секілді халық тұрмысына қатысты ой-пікірлермен үндесіп жатты.
Президент өз сөзінде ұлтаралық татулықты сақтай отырып, бәсекелестік қуатқа ие экономиканы құру Қазақстан дамуының басты кепілі болмақ деп атап көрсетті. Сондай ақ Үкіметтің келер жылы да экономикалық дағдарысқа төтеп беретын бағдарламаларды жалғастыра беретіндігін айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның 2010-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығы кезінде, экология, экономика, қауіпсіздік және адам құқықтарын қорғау салалары бойынша мәселелерді шешуге айрықша көңіл бөлінетіндігін, Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарды жоғары деңгейге көтеруге күш салынатындығын жеткізді.