Владимир Путин Қазақстанның әрекеттері өзгелерге үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда бұл мемлекет бизнесті дамыту жағынан Бүкіләлемдік банк өлшемі бойынша 47-ші орында тұр. Ал Ресей әлі 120-шы орында – РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин
04 | ақпан | 2012   Сенбі  
EUR 195.52     USD 148.72     RUB 4.92     CNY 23.60
АСТАНА    күндіз -26..-28   түнде -35..-37
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді 25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді «Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды
14.11.2009 / 13:51
Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Шығыс Қазақстан облысы мен Семей әкімдеріне қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды
Тікелей желіде СЕМЕЙ.  Қарашаның  14-і.  ҚазАқпарат /Лина Славина/ -  Елбасы  Ауыл шаруашылығы министрлігіне,    Шығыс Қазақстан  облысы мен Семей әкімдеріне     қарағайлы  орманды қалпына келтіру   жөніндегі    ұсыныстар  әзірлеуді   тапсырды.

  Бұл  міндетті  Мемлекет басшысы    шығысқазақстандықтардың  ұлттық    байлығымыз  болып табылатын қарағайлы ормандарды  сақтауға  көмектесу  туралы     өтінішіне  тікелей  эфирде  берген  жауабында      мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Семейлік Ертіс  жағалауындағы        қарағайлы  орманның  аясы соңғы  жылдары  50 есеге       кеңейіп,  өрт  оқиғалары 5 есеге,     орман ағаштарын заңсыз  кесу фактілері  4,5 есеге   қысқарды.  Бірақ та,   осынау  бірегей  табиғи кешенді   қалпына келтіру   үшін  бұл  көрсеткіштер жетімсіз»,  деді  Елбасы өз сөзінде.

 Нұрсұлтан  Әбішұлы сондай-ақ  2003  жылы     қарағайлы  орманды  сақтау  мақсатында     «Семей орманы»  табиғи резерваты  құрылғанын  атап  көрсетті.

 «Бұл  проблемаға өңір халқының алаңдаушылығы маған   ұнап отыр.   Бірақ, жергілікті  тұрғындар      табиғат      тарту еткен    байлықты ең алдымен  өздері бағалаулары керек.    Қазақстанның  орман-тоғайларын   ессіз    жоюға  болмайды!», деп  атап көрсетті Елбасы.

 «Мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне және облыс әкіміне Семей орманы мәселесін тағы бір зерттеп, оны қорғауға қатысты ұсыныстарды  әзірлеуге  тапсырма беремін», деді Президент өз сөзінде.

Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz