Вольфганг Бретт Қазақстан Орталық Азиядағы Германияның маңызды экономикалық әріптесі - Қазақстандағы Германия елшісінің тұрақты өкілі Вольфганг Бретт
EURЕуро200.97
USDАҚШ доллары147.05
RUBРесей рублі5.03
CNYҚытай юані21.54
Астана
Күндіз -4-6
Түнде -13-15
www.meteo.kz
КАЗ | QAZ | ARA | РУС | ENG
  Сенбі  20/03/2010


13.11.2009 / 18:08
Ақмола облысы экономикасын өрге бастыруға банк жүйесі 73 577,8 миллион теңге несие бөлген
КӨКШЕТАУ. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Көкшетауда банк жүйесі қызметкерлері мен жұртшылықтың қатысуымен Төл теңге мерекесі атап өтілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 ҚР Ұлттық банкінің Ақмола облыстық филиалының директоры Асылхан Оспановтың айтуынша, өңірдің қаржы жүйесі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда. Тек ағымдағы жылдың тоғыз айында аймақ экономикасына 73 577,8 миллион теңге несие тартылған. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатына үшінші тоқсанда 7 367,7 миллион теңге (оның 71,5 пайызы қысқа мерзімді несие) бөлінген.  

 Бүгінгі таңда аймақтық банктердің  депозит көлемі соңғы тоқсанда 19 405,7 миллион теңгені құраған, өсім екінші тоқсанмен салыстырғанда 10,4 пайызға жоғары.

 Салтанатты жиын барысында жылдың үздік қаржыгерлеріне құттықтау хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталып, ән мен биден шашу шашылды.

 Ключевые слова: Экономика, Ақмола облысы

соңғы жаңалықтар