Вольфганг Бретт Қазақстан Орталық Азиядағы Германияның маңызды экономикалық әріптесі - Қазақстандағы Германия елшісінің тұрақты өкілі Вольфганг Бретт
EURЕуро199.76
USDАҚШ доллары146.95
RUBРесей рублі5.02
CNYҚытай юані21.53
Астана
Күндіз -4-6
Түнде -16-18
www.meteo.kz
КАЗ | QAZ | ARA | РУС | ENG
  Жексенбі  21/03/2010


05.11.2009 / 17:07
Орталық Азия елдері ЕуроОдақ тәжірибесінен үлгі алуы қажет - Берлин Иришев
img0         АЛМАТЫ. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жаһандану үдерісіне қарамастан  соңғы жылдары әлемнің әр түкпіріндегі түрлі елдердің арасында  аймақтық ықпалдастық үрдісі белең ала бастады. Біз осыған орай бүгін Алматыда  «Еуропаға жол. ЕуроОдақ: ықпалдастық моделдері тәжірибелері» деп аталатын жаңа кітабының тұсауын кескен Франциядағы «Рarlink Consulting» консалтингтік 

   компаниясының басқарушы-серіктесі, экономика ғылымының докторы Берлин Иришевті әңгімеге тартқан едік

- Берлин Кенжетайұлы, жарық көрген жаңа  кітабыңыз құтты және ғұмырлы болсын. Шығармаңыздың  бір тарауын «ЕуроОдақ - Орталық Азия: аймақтық серіктестіктегі қиындықтар» деп атаған екенсіз Орталық Азия  Одағы идеясы туралы ойыңызбен аз-кем бөліссеңіз?

- Орталық Азия Одағы идеясының болашағы өте зор.  Бірақ оны түсініп, іске асырып жатқан адамдар аз. Бұл ең алдымен Орталық Азия елдерінің басшыларына байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірігейік, бірге болайық, деп бірнеше бастама айтса да көршілес кейбір елдердің басшылары мұндай ықпалдастықтың біздің  халыққа пайдасы болмайды дейді. Бұл үлкен қателік.

- Бірқатар шетелдік зерттеушілер Орталық Азия елдерінің қатарына Ауғанстан мен Пәкістанды да қосып жүр. Бұған не айтасыз?

- Американдықтарда «Жеті стан» деп аталатын осындай теория бар. Олар оған - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан республикаларына  Ауғанстан, Пәкістанды қосып бір аймақ қылмақ. Олардың бұл ойы  жақсылыққа әкелмейді.  Орталық Азия Одағына құруға бұрынғы кеңестік 5 республика ықпалдасуы керек.

- Бұл  5 елдердің  экономикалық жағдайы қазір әртүрлі ғой? Оларды

  жақындастыруға қаншалықты  қажеттілік бар?

- Еуропалық Одақтың тәжірибесіне қарасақ, бұларда да экономикада құлдырау  болды.  Литва мен Латвия, Франция мен Германияның жанына да жақындай алмайды. Сонда да олар ЕуроОдақта тұр. Конвергенция деген теория бар. Өзара кірігу. Әр ел экономикасыныңа бір жақсы қасиеттері бар.  Онда соны пайдаланып  Орталық Еуропалық деңгейге жеткізу жағы қарастырылады. Сондықтан конвергенцияға байланысты әртүрлі  ықпалдастықты мысалға  келтіруге болады.

- Еуропалық Одақтың көшбасшыларының бірі саналатын Германия соңғы жылдары ЕуроОдақтың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын Ресей арқылы үшжақты келіссөз түрінде жүргізуді ұсынып жүр. Бұл қаншалықты өміршең болады деп ойласыз?

  - Ол бір жағынан шын. Екінші жағынан  Орталық Азия Одағын құрсақ біз Ресеймен бірге болуымыз керек. Оның қасында қазір ел қалмады. Украина анау, Беларус мынау,  Грузиядағы жағдай да өзіңізге аян шығар.  Орталық Азия Одағы құрылса, оған Ресей де қосылып, оның  ортасы Қазақстан боп қалады. Онда көп әңгімені Ресей мен Қазақстан Орталық Азия  Одағының атынан жүргізеді. ЕуроОдақта  мұндай жетекшілікті Германия мен Франция атқарады. Сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ.

-Орталық Азия елдерінің ЕуроОдақпен байланысы Ресей арқылы өрбитін болса бұл олардың Ресейге деген тәуелділігін қайта арттырмай ма?

  - Жоқ. Бұл Кеңес одағы кезінде солай болды.  Оның қағидалары дұрыс болмады. Қазір оны қайта жаңғыртуға ешкім де ынталы емес.  Одақтастықтың  жарқын мысалының бірі  -  ЕуроОдақ. Онда саясат жағынан барлық елдің құқы бірдей.  Депутат сайлауда да.

- Қазір бізде түрлі дейгедегі аймақтық  ұйымдарда мүше елдердің маңызды шешімдерді қабылдау  кезіндегі даусы беру құқы әртүрлі болып отыр ғой?

- Әрине оларда экономикалық, саяси жағынан алып қарағанда Ресейдің орны бөлек. Біздің қателігіміз  бұл ұйымдарды құрған кездегі қағидалармыз  дұрыс болмайды. Қандай жағдай болмасын ынтымақтастық қарым-қатынаста барлық ел тең болу керек.

Әр ұйымның өз мақсаты бар. Олардың  мақсатына сай өз нәтижелері болады. Мәселен қазір Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың  орны дүниежүзілік саясатта өте үлкен. Оны бүгін ЕурАзЭҚ неге керек деп ешкім айтпайды. Жалпы қандай да бір халықаралық ұйымдарға кіргенде ең алдымен халқымызға қандай пайдасы тиеді деп  қарап  жақындауымыз керек.

- Еуропаға жол бізге не береді. Біз ықпалдастықты ең алдымен өз көршілерімізден бастауымыз қажет емес пе?

- ЕуроОдаққа біріккен  27 елдің  бәрі жұмылған жұмырықтай  боп отыр. Біз де солай жасаумыз керек. Біз қазір бұл жағынан олардан қалып қойдық.   18 жылда аймақтық ынтымақтастыққа қатысты  10 модель айтыппыз. Бірыңғай кеңістік, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық,  Кеден Одағы, Орталық Азия Одағы деген сияқты. Алайда айтылған бұл идеяларды жүзеге асыру кезінде  2-3 жылдан кейін одан анау ел шықты, мынау ел шықты дейміз. Бұл ең алдымен аймақтағы ел басшыларының саяси амбициясына байланысты туындап жатқан нәрселер. Одан ең алдымен сонда тұрып жатқан халық ұтылып жатыр. Бірақ күтіп отыруға болмайды ғой. Әрине  Еуропаға жалғыз емес Одақ боп жүрсек пайда көбірек болады. Сондықтан қазір сөзден іске көшетін уақыт келді. Одақтастық  ешбір елдің мүддесіне қайшы  келмеуі керек. Біз үлгі тұтып отырған ЕуроОдақта да бәсекелестік 1-ші орында тұр. Маған қазір Алматыға қарағанда, сонда  өмір сүру  арзанға түсіп отыр.   Мысалы, Алматыдан Астанаға ұшақпен  бару үшін мен бизнес класқа 550 еуро, эконом класқа  250 еуро төлеймін. Бұл  Еуропада 1 апта бойы   мейманханадағы жатар орның мен ішер  тамағыңа жетеді. Ол Еуропаның байлығынан емес,  халыққа қолайлы жағдай туғызуының  арқасында жасалып отыр.

- Уақытыңызды бөлгеніңізге рахмет.

 Ключевые слова: Қазақстан және Еуропалық одақ

соңғы жаңалықтар