қазақша qazaq русский english قازاقشا 中文
Халықаралық ақпараттық агенттiгі
29.07.2014  
Қазіргі ауа райы:
Астана 23°C
Алматы 24°C
Теңгенің бүгінгі бағамы:
USD 183.52 RUB 5.23
EUR 246.72 CNY 29.64
22 Наурыз 2009, 15:41
Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары талқыланды
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылордада өңірде кездесетін аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, мамандардың білімін жетілдіру мақсатында Қызылорда обаға қарсы күресу стансысының ұйымдастыруымен "Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу" атты аймақтық семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына ОМСЭҚБ, ОДСД басшылары, Жамбыл, Шымкент, Арал обаға қарсы күресу стансыларының мамандары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазіргі таңда Республика бойынша карантиндік және аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы алаңдатушылық тудырып отыр. Еліміздің 7 аймағы, соның ішінде Қызылорда облысы оба ауруының табиғи ошағында орналасқан. Әсіресе, Арал аумағы обаның ең белсендігі артқан өңірге жатады. 2008 жылы Қызылорда обаға қарсы күресу стансысы мамандары 75200 шаршы шақырым жерді зерттеп, нәтижесінде 1300 шаршы шақырым жерде серологиялық әдіспен оба эпозоотиясын тіркеген. Жасыратыны жоқ, Оңтүстік Қазақстан облысынан тырысқақ және өзге жедел ішек ауруларының тасымалдану әрекеті сейілмей келеді. Ол сол жерлерден көкөніс, бақша өнімдерін әкелушілер арқылы таралуда. Көптеген ауылдық жердегі елді мекен, аудан және облыс орталығында ауыз су проблемасы толық шешілмеген. Әлі күнге облыста сарып жағдайларының тіркелуі жалғасуда. Конго-Қырым қанды безгегі мен күйдіргі жағдайы күрделі күйінде қалуда. Осылардың алдын алу мақсатында өткізілген басқосуға қатысқан Қазақ карантиндік және зооноздық індеттер ғылыми орталығының қызметкерлері мамандарды заманауи үлгідегі ПЦР технологиясының жұмыс жасау жүйесімен таныстырды. Кеңеске қатысушылар өзара пікір алысып, өз ойларын ортаға салды.
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз
Нравится
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Пікір білдірілген мақалалар




© 2014 «ҚазАқпарат»
Яндекс.Метрика
Система Orphus
«ҚазАқпарат» ХАА материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.