11.02.2016  
Weather forecast:
Astana -13.3
Almaty -7.5
Exchange rates:
USD 362.23 RUB 4.59
EUR 407.83 CNY 55.13
28 December 2013, 17:40
«Хабар» агенттігі жаңа жылға қызыққа толы мерекелік бағдарламалар әзірледі
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жылдағы дәстүрге сай, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан жаңа жылдық шоу-бағдарламаларды тамашалауға болады.

«Хабар» телеарнасының көрермендерін жұлдыздармен өтетін ұмытылмас кездесулер күтіп тұр. Бұл әзіл-қалжыңы аралас үш сағаттық музыкалық концертті шоу болмақ. Осы кеш барысында жобаның жүргізушілері мен шақырылған жұлдыздар 2013 жылды қорытындылап, ең маңызды оқиғаларға тоқталатын болады. Шоу-бағдарлама барысында 35-тен астам концерттік номір ұсынылады.

Сіздер танымал қазақстандық әртістер, спортшылар, актерлер, сонымен бірге, «Хабар» агенттігінің жүргізушілерінің сан қырлы өнерін тамашалай аласыздар. Ал «Хабар» агенттігі түсірген сериалдардың саундтректері өзінше бөлек әңгіме.

Сонымен бірге, «Ел арна» телеарнасында да жаңа жыл түні көптеген қызыққа толы бағдарламалар көрсетіледі. Телеарна жұлдыздарының қатысуымен өтетін қызыққа толы көңіл көтеретін концерт күтіңіздер, - деді жоба продюсері Гаухар Иманқұлова. - Жобаға белгілі эстрада жұлдыздары және арнаның тележүргізушілері қатысады. Мәселен, бірінші рет Ринат Зайытовпен бірге телеарнаның жүргізушілері ән айтады. Көпшіліктің көңілінен шыққан «Тракторшының махаббаты» сериалындағы апаның роліндегі Алихан Едіресова сахна сыртында әртістердің арасынан өзінің ұлы үшін қалыңдық іздейді. Студиядағы қонақтарды танымал әртістер Тұңғышбай Жаманқұлов пен Майра Мұхаммедқызы қарсы алады».


Did you find a mistake? Highlight it and click CTRL+ENTER
Read also
Атырауда экс-әкім Рысқалиевтің сыбайласы 15 жылға сотталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта «Строй Контакт Групп» ЖШС-нің бұрынғы директоры Олег Павличенкоға қатысты үкім шықты. Ол 15 жыл қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтемек.  


User name:
Enter code:*


Popular


Commented articles




Copyright © Kazinform, 2016
Яндекс.Метрика
Система Orphus
Use of information materials without written permission of administration of the company is prohibited.