21 August 2013, 14:06

«Нұр Отан» партиясының жаңа доктринасы халық арасында кеңінен талқыланады - Б.Байбек

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Келесі аптада партияның жаңа доктринасы халықтың талқысына салынады. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін арнайы жұмыс тобының аясында аталған құжат жан-жақты талдаудан өтті. «Былайша айтқанда, бұл доктрина партиямыздың Конституциясы іспеттес. Онда Тәуелсіздіктің басты құндылықтары көрсетілген. Бүгінде ол құжат дайын. Келесі аптада оның жобасы басылым беттерінде және партияның ресми сайтында жарияланады. Сол кезде ол халық арасында кеңінен талқыланатын болады», - деп атап көрсетті Б.Байбек.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 18 қазан күні «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Онда партияның жаңа доктринасы қабылдануы тиіс.

 Tags: «Нұр Отан» партиясы
Did you find a mistake? Highlight it and click CTRL+ENTER

Read also

Қазақ қыздар университеті «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосуда

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қыздар университетінің ректоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Динар Нөкетаева республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметінен.

User name:
Enter code:*


Popular

Kyrgyzstan declared Aug 29 Day of Mourning
Japan, Africa vow to fight terrorism, stress rule-based order at sea
Rain showers to strike northern Kazakhstan
Southwest flight makes emergency landing after engine fails
Child with autism expelled from school in Astana
Russia lifts charter flights ban on Turkey
Brexit may send EU 'down the drain' - German vice chancellor
Aral Sea problem mulled in Turkmenistan at regional level

ASHGABAT. KAZINFORM Ashgabat hosted a meeting to discuss the concept of Turkmenistan's chairmanship at the International Fund for saving the Aral Sea (IFAS), the Turkmen government said in a message Aug. 24.    

Commented articles