01.10.2014  
Weather forecast:
Astana +10°C
Almaty +17°C
Exchange rates:
USD 181.90 RUB 4.62
EUR 229.74 CNY 29.63
16 January 2013, 12:28
БҚО әкімі ақындар Иран-Ғайып пен Е.Әбдіхалықованы қабылдады
ОРАЛ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірге шығармашылық сапарымен келген белгілі ақындар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайып (Иранбек Оразбаев) пен Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Елена Әбдіхалықованы қабылдады.

Кездесуде әдебиет пен өнердің дамуы туралы әңгіме өрбіді.

Иран-Ғайып - көптеген өлең кітаптарының авторы, сонымен қатар драматургия саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Оның пьесалары республика театрларында жиі қойылады. Соның ішінде «Махамбет» трагедиясы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының төлқұжаты іспеттес, әр маусым осы туындымен ашылады.

Айтыс өнерінде жарқ етіп көрінген Елена Әбдіхалықова халыққа кеңінен таралған «Есіңе мені алғайсың», «Көздеріңе ғашықпын» сынды әндер де жазды. Барлығы қырықтан астам әні бар ақын-композитор тарихи тақырыпта көлемді шығарма жазбақ ниетте.

«Батыс Қазақстанда өнер адамдарына, ақындарға облыс басшылығы тарапынан қолдау көрсетіледі екен. Біз соған көз жеткіздік», дейді меймандар.


Did you find a mistake? Highlight it and click CTRL+ENTER
Нравится
Read also
БҚО-да 79 мың зейнеткер тұрады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 1 қазан - халықаралық қариялар күні. Осыған орай республикалық ардагерлер ұйымының орталық кеңесі қазан айын «Қамтылмаған қалмасын» атты қайырымдылық шарасын өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Бұл туралы БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов мәлім етті. 

User name:
Enter code:*


Popular


Commented articles




Copyright © Kazinform, 2014
Яндекс.Метрика
Система Orphus
Use of information materials without written permission of administration of the company is prohibited.