Weather
Astana -1 °С
Almaty -1 °С
Exchange rates
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшері екі есеге азайтылады

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшері екі есеге азайтылады
19 February 2014 10:50 890

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасына сәйкес шағын бизнес үшін айыппұл мөлшері орта есеппен екі есеге азайтылады. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасы туралы баяндаған Әділет министрі Берік Имашев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, жаңа редакциядағы кодекс жобасында Елбасының Жолдауындағы жүктелген міндеттерге сәйкес, шағын бизнеске қолдау көрсету шаралары қамтылып, осы бағыттағы қылмыстарды ізгілендіру көзделеді. «Атап айтқанда, кодекс жобасында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұлдар мөлшері орта есеппен алғанда екі есеге азайтылады. Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік активтерінің құны орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарағанда бес есе аз. Соған қарамастан қолданыстағы Кодексте айыппұл санкциялары бірдей болып отыр», дейді министр Б. Имашев.

Оның айтуынша, әкімшілік жазаның түрі ретінде ескертуді қолдану аясы да кеңейтіледі.

Бұдан бөлек, министрдің сөзіне қарағанда, жаңа редакциядағы кодексте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қолдану да кеңейтіледі. «Атап айтқанда, санкциялардың айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген тоқсаныншы бабы соттың қарауынан уәкілетті мемлекеттік органға беріліп отыр», - деді Б. Имашев.  

Keywords: Парламент, Президент тапсырмалары , Кәсіпкерлік, бизнес,
Нашли ошибку? Выделите её и нажмите CTRL+ENTER

Яндекс.Метрика w3