Weather
Astana 12 °С
Almaty 18 °С
Exchange rates
USD 337.37
EUR 378.29
RUB 5.30
CNY 50.58

«Нұр Отан» партиясының жаңа доктринасы халық арасында кеңінен талқыланады - Б.Байбек

21 August 14:06

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Келесі аптада партияның жаңа доктринасы халықтың талқысына салынады. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін арнайы жұмыс тобының аясында аталған құжат жан-жақты талдаудан өтті. «Былайша айтқанда, бұл доктрина партиямыздың Конституциясы іспеттес. Онда Тәуелсіздіктің басты құндылықтары көрсетілген. Бүгінде ол құжат дайын. Келесі аптада оның жобасы басылым беттерінде және партияның ресми сайтында жарияланады. Сол кезде ол халық арасында кеңінен талқыланатын болады», - деп атап көрсетті Б.Байбек.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 18 қазан күні «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Онда партияның жаңа доктринасы қабылдануы тиіс.