Weather
Astana 24 °С
Almaty 25 °С
Exchange rates
USD 310.70
EUR 348.20
RUB 5.49
CNY 45.10

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы патриотизмнің өсуіне ықпал ететін болады - БАӘ-дағы баспа үйінің бас директоры

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы патриотизмнің өсуіне ықпал ететін болады - БАӘ-дағы баспа үйінің бас директоры
17 January 2014 19:45 654

ӘБУ-ДАБИ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына шетелде тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтар да үн қосуда.

"Русские Эмираты" баспа үйінің (Дубай қ., БАӘ) бас директоры Сергей Токарев Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолғы Жолдауындағы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ерекше атап өтті.

- Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтар ел іргесі - ұлтаралық келісім мен тұтастықты қалыптастырды. Онсыз тиімді экономика да, тұрақты мемлекет те құра алмаймыз. Ал тұрақты мемлекетті патриоттық сезім болмаса, құру мүмкін емес.

Күннен-күнге өзінің болашағын  Қазақстанның табысты келешегімен ұштастыратындар артпаса, кемімек емес. Патриотизмді ұлттық элитадан - іскерлік, мәдени, саяси саладан бастау қажет. Егер қазақстандық азаматтар, барлық деңгейдегі шенеуніктер мен саясаткерлер өз Отаны, Қазақстанның игілігіне жұмыс істегенін сезінбесе, онда кез келген инфрақұрылымға, өндіріске, ғылымға, мәдениетке құйылған қаржы жемісін бермес еді. Бұл жағынан Президенттің Жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы өте өзекті әрі дер кезінде айтылып отыр, - деді С.Токарев.

Keywords: Қоғам, Жолдау,