Weather
Astana -2 °С
Almaty -13 °С
Exchange rates
USD 319.19
EUR 339.01
RUB 5.50
CNY 46.41

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына қол жеткізудің негізі - Е. Тоғжанов

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына қол жеткізудің негізі - Е. Тоғжанов
17 January 17:00 1662

 АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына қол жеткізудің базасы. Осындай пікірді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Атап айтқанда, Президенттің ел халқына Жолдауынан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында еліміздің азаматтарына үндеу қабылданды.

«Бұл тақырып әрқашан да түрлі деңгейде сарапшы әлеуметтанушылармен және саясаттанушылармен талқыланған болатын. Бұл әрдайым негізгі мәселе болып тұрған еді. Тәуелсіз мемлекеттік ұлттық идеясын белгілеп көрсету - бұл бүгін Мемлекет басшысы белгілеген ең маңызды мәселелердің бірі және осы мәселеге нүкте қойылды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына қол жеткізу үшін база ретінде белгіленді»,-деді Е. Тоғжанов.

Сонымен қатар ол Жолдаудың ең басты бағыттарының бірі қазақстандық қоғамның әлеуметтік дамуы екенін атап өтті.