Weather
Astana 0 °С
Almaty 1 °С
Exchange rates
USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
CNY 45.99

Батысқазақстандық қаламгер республикалық байқаудың лауреаты атанды

13 January 17:47 286

ОРАЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласында тұратын Назар Қуанғалиев белгілі ақын, жазушы Владимир Гундаревті еске алуға арналған республикалық «Менің туған үйім» («Мой родной дом») атты жыр байқауының лауреаты атанды.

Аталмыш байқауды «Алматы» әдебиет үйі», Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығының өкілдігі, Қазақстан Жазушылар одағының орыс әдебиеті жөніндегі кеңесі бірлесіп ұйымдастырған. Байқау жеңімпаздарына (олардың арасында Мәскеу, Алматы және басқа қала, ауылдардан қатысқандар бар) грамота, сыйлықтар қаңтар айының аяғында Алматыдағы Ресей консульдігінде табыс етіледі.

БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы қызметін атқаратын Назар Қуанғалиев кезінде Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Оншақты жыл бойы облыстық радиода еңбек еткен ол өлең, әңгімелерін орыс тілінде жазады.