Weather
Astana 12 °С
Almaty 18 °С
Exchange rates
USD 337.37
EUR 378.29
RUB 5.30
CNY 50.58

Астанада 93 107 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген

5 December 22:15

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада  2012 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша  93 107  шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.  Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім  7%-ды құрайды. Олардың -31 901-і  заңды тұлға болса, бұл көрсеткіш - 18%-ға, жеке кәсіпкерлік  - 61206,  ол - 2%-ға артқан,  деп хабарлайды  елорданың ресми сайты қалалық  Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.    

Астана қаласы Салық  департаментінің  2012 жылғы 1 қарашадағы мәліметіне сәйкес, қазір жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны  58 712-ні құрайды.  Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  9%  азайған.  Заңды тұлға  -  20 023 ( 8,9% азайған), ал жеке  кәсіпкерлер саны  38 689-ды құрайды. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,6% аз.